Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісім (Берн қ., 2021 жылғы 6 қыркүйекте)
ҚР 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 164-VII Заңымен ратификацияланды 2023 жылғы 10 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі, өз мемлекеттерінің аумақтарында дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруына байланысты мәселелерді өзара түсіністік негізде реттеуге ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мұнда мынадай терминдер пайдаланылады: 1) «өкілдіктің қызметкерлері» термині 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы 1-бабының b-тармағы, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 1-бабының g-тармағы шеңберінде дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктердің қызметкерлерін білдіреді; - жұбайын/зайыбын; - қабылдаушы мемлекеттің ұлттық заңнамасында белгіленген шектеулер шеңберінде елге ресми расталған отбасы мүшесі ретінде келген, некеде тұрмайтын кез келген баланы; - қабылдаушы мемлекет қолданыстағы ішкі заңнамаға сәйкес ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат бере алатын өкілдік қызметкері отбасының кез келген басқа мүшесін білдіреді; 3) «ақылы еңбек қызметі» отбасы мүшесінің қабылдаушы мемлекеттің аумағында табыс көзінен кіріс әкелетін және осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын кез келген тәуелді немесе тәуелсіз қызметін білдіреді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|