Педагогтерді аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 87 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 4 және 33-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтердің және республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтердің және республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерінің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін сараптамалық кеңес құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (З.Ә. Байменова) және Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Е.Г. Жүнісов): 1) республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерінің және «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерінің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін олардың портфолиосын сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестердің жұмысын; 2) республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерінің және «педагог-шебер» біліктілік санатқа үміткер педагогтерінің біліктілік санаттарын беру жөніндегі аттестаттау комиссияларының отырысын ұйымдастырсын. 3. Мыналардың: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|