«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 190 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың негізгі мақсаты басым дақылдарды, оның ішінде көпжылдық екпелерді өндіру шығындарын ішінара өтеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірілген немесе сатып алынған тұқымдарының, тыңайтқыштардың (органикалық дақылдарды қоспағанда), пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) шығындарын ішінара өтеу болып табылады.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің кодтарына сәйкес субсидиялар «Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру», «Күріш өсіру», «Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру», «Талшықты дақылдарды өсіру», «Өзге де бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру», «Жүзім өсіру», «Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру», «Өзге де жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру» негізгі немесе қайталама қызмт түрі болып табылатын оригинаторларға, элиттұқымшарларға, тұқымшарларға, өткізушілерге, ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне беріледі. Субсидиялар жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша беріледі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|