«Бейнеу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бейнеу ауданы әкімдігінің «Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы»; көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының 2 тармағы алып тасталсын; көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулының 2 қосымшасы алып тасталсын. 2. «Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Теміровке жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 5 қазандағы № 312 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|