«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
3-тармаққа сәйкес 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 18 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында: 87-5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) осы Субсидиялау қағидаларына 9-1-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемелері де субсидиялауға жатады.»; 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтары 2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді 87-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «87-9. Осы Субсидиялау қағидаларына 9 және 9-1-қосымшаларға сәйкес ЭҚЖЖ бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2021 жылғы 15 қазанға дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне: 1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін; 2) осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|