Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 306 бұйрығыменмақұлданды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - ҚР АШМ) және Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы (бұдан әрі - ҚХР БКБ) достық консультациялар жолымен Қазақстан Республикасынан (бұдан әрі - Қазақстан) Қытай Халық Республикасына (бұдан әрі - Қытай) экспортталатын жануарлардың саулығы мен сүт өнімінің қоғамдық қауіпсіздігіне қойылатын мынадай ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісті.
ҚР АШМ Қытайға экспортталатын сүт өнімдерінің ресми бақылауына (инспекциясына), карантині мен халықаралық ветеринариялық сертификаттардың берілуіне жауапты болады.
ҚР АШМ ҚХР БКБ-ға сүтті бағыттағы жануарлардың саулығын, сүт өнімдерін өндірушілерді, сүт өнімдерінің қауіпсіздігін, гигиенасы мен сапасын, сондай-ақ сүт өнімдері экспортының инспекциясы мен карантинін, әдістері мен рәсімдерін реттейтін заңдар мен нормативтік актілерді береді. ҚР АШМ БКБ-ға ресми мөрдің және ветеринариялық сертификаттың үлгілерін ресми қорғаныш қағазында береді, сондай-ақ жоғарыда аталғандардың кез келгеніндегі кез келген түзетулер мен өзгерістер туралы кемінде бір ай бұрын ҚХР БКБ-ны хабардар етеді.
ҚР АШМ осы Хаттаманың 5-бабында санамаланған аурулармен байланысты алдын алу және бақылау жүйесі туралы ақпаратты ҚХР БКБ-ға береді, соңғысы сұрау салғам жағдайда 5-бапта көрсетілген және Дүниежүзілік жануарлардың саулығы ұйымы (ХЭБ) белгілеген, хабардар етуге жататын жануарлар ауруларына қатысты ахуал туралы ҚХР БКБ-ны хабардар етеді. ҚР АШМ ҚХР БКБ-ға қалдық заттар мониторингінің ұлттық жоспарын және қалдық заттар мониторингі туралы есептерді ұсынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|