Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.03.09. № 381 бұйрығымен әдістемелік ұсынымдар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (2021.14.01. берілген өзгерістермен)
1. Осы 2020-2021 оқу жылында жоғары оқу орындарының оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Ұсынымдар) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) басшыларына, ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, білім беру бағдарламаларының басшыларына, профессорлық - оқытушылар құрамына (бұдан әрі - ПОҚ) 2020-2021 оқу жылында ЖЖОКБҰ-ның білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және академиялық саясатын іске асыру мақсатында көмекші құрал ретінде әзірленген. 2. COVID-19 белсенділігі жағдайында жаңа оқу жылында ЖЖОКБҰ келесі бағыттар бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: 1) ЖЖОКБҰ-ның оқу корпустары мен жатақханаларында санитариялық-эпидемиологиялық режимді (бұдан әрі - СЭР) қамтамасыз ету; 2) барлық қызметкерлер мен білім алушыларды СЭР-мен қамтамасыз ету регламентімен таныстыру; 3) білім беру қызметін карантин жағдайын ескере отырып ұйымдастыру; 4) АКТ қолданумен жұмыс дағдыларын үйрену үшін ПОҚ біліктілігін арттыру; 5) жеке білім беру контентін (онлайн курстарды) әртүрлі білім беру платформаларында барлық деңгейлер бойынша әзірлеу; 6) Сапаны қамтамасыз ету саясаты мәнмәтініндегі оқу сапасының мониторингін жүргізу; 7) академиялық адалдық қағидаларын сақтау; 8) аралық және қорытынды аттестаттау өткізу рәсімдерінің прокторинг жүйесін қамтамасыз ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|