«Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Есеп комитеті: 1) Тізілімге мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың енгізілуін жүзеге асырады; 2) Есеп комитетінің интернет-ресурсында мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізімін жариялайды; 3) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерге тиісті ақпарат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.»; 7-тармақ алып тасталсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); туған күні (күні, айы, жылы); жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кімнің бергені; 2) тұрғылықты жері (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте); телефон нөмірі (жұмыс, үй, ұялы); электрондық поштасының мекенжайы; 3) тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатының берілген күні және нөмірі; 4) Ұлттық комиссия отырысының мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хаттамасының күні және нөмірі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|