ҚР СТ ГОСТ Р 51764-2020
Мазмұны
3. Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар А қосымшасы (ақпараттық). Көтергіш құрылғыны мерзімді тексеру тәртібі
Осы стандарт мүгедек жолаушылардың, сонымен қатар қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың (егде жастағы адамдардың, жүкті әйелдердің, балалар арбасымен жүретін адамдардың және т.б.) көлік құралына өтуін (жүруін) қамтамасыз етуге арналған ҚР СТ ISO 9999 бойынша 12 12 18 біліктілік топтарына жататын мүгедектерге арналған және жердегі көлік құралдарының штатты жабдығы болып табылатын көтергіш оңалту көлік құрылғыларына (бұдан әрі - көтіргіш құрылғылар), сонымен қатар ҚР СТ ГОСТ Р 51090 талаптарына сәйкес келетін қоғамдық жолаушылар көлігі құралдарына қолданылады. Осы стандарт жүк көтергіш құрылғыларға қойылатын жалпы техникалық талаптарды анықтайды. Осы стандарт: - жату жағдайындағы; - психикалық функциялары айтарлықтай бұзылған жолаушыларға арналған көтергіш құрылғыларға қолданылмайды.
Осы стандартты қолдану үшін стандарттау жөніндегі мынадай сілтемелік құжаттар қажет: ҚР СТ ГОСТ Р 15.111-2010 Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Мүгедектерді техникалық оңалту құралдары. ҚР СТ 41.36-2008 Жалпы конструкциясына қатысты жолаушыларға арналған үлкен сыйымдылықты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты бірыңғай ұйғарымдар. ҚР СТ 41.52-2008 Жалпы конструкциясына қатысты М2 және М3 санатындағы аз орынды көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты бірыңғай ұйғарымдар. ҚР СТ ГОСТ Р 51090-2010 Жолаушыларға арналған қоғамдық көлік құралдары. Мүгедектер үшін қол жетімділігі мен қауіпсіздігіне қойылатын жалпы техникалық талаптар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|