Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № а-11/331 «Салық салу объектіcінің Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № а-11/342 Қаулысымен 2021 ж. 1 қаңтарынан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Есіл ауданы әкімдігінің «Салық салу объектіcінің Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2018 жылғы 22 қарашадағы № а-11/331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6864 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау сол мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Н. Коваленко
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № а-10/323 қаулысына 1 қосымша
Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|