Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің арасындағы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының Мемлекеттік корпорациясында «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 474/НҚ бірлескен бұйрығы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін тұрақты жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің арасында «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін. 2. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып, «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметті көрсетуді пилоттық жоба режимінде ұйымдастырсын. 3. Пилоттық жобаны өткізу орны Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданының (Республика даңғылы, 43) Мемлекеттік корпорация филиалының халыққа қызмет көрсету бөлімі болып белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|