Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы (2020.17.09. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда (одан әрі - Қағидалар): 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Жеке және заңды тұлғалар портал арқылы келісім-хат алу үшiн осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады; Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.»; 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат әрбір карантиндік объектіге беріледі және берілген күннен бастап алты ай ішінде жарамды. Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат бір реттен артық пайдаланылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|