«Қалалардың кешенді құрылыс салу стандарты» Қазақстан Республикасының әдістемелік құжатын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін: Қалалардың кешенді құрылыс салу стандартын бейімдеу регламенті; қолдану үшін, ұсыным сипатындағы «Қалалардың кешенді құрылыс салу стандарты» Қазақстан Республикасының әдістемелік құжаты: 1-бөлім. Қала аумақтарын кешенді дамыту қағидаттарының жиынтығы; 2-бөлім. Құрылыс салынған аумақтарды дамыту стандарты; 3-бөлім. Бос жерлерді игеру шешімдері; 4-бөлім. Қала келбетін қалыптастыру стандарты; 5-бөлім. Жобаларды әзірлеу бойынша нұсқау; 6-бөлім. Жобаларды жүзеге асыру бойынша нұсқау; 1-каталог. Ашық кеңістіктердің элементтері мен түйіндері; 2-каталог. Іргелі сәулет-жоспарлау шешімдері. Тұрғын үйлер; 3-каталог. Қағидаттық сәулет-жоспарлау шешімдері. Абаттандыру; 4-каталог. Іргелі сәулет-жоспарлау шешімдері. Кварталдарды салу. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұргын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия жэне инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс жэне тұргын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 2) осы бұйрықтың салалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|