Қарағанды қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2021 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті, тиісінше 1, 2 және 3-ші қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 71 925 449 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 49 827 712 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 430 652 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 576 197 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 18 090 888 мың теңге; 2) шығындар - 68 566 229 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 639 894 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер бойынша - 1 773 397 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша - 133 503 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - минус 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу бойынша - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер бойынша - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 719 326 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - минус 1 719 326 мың теңге, оның ішінде: қарыздардың түсімдері бойынша - 1 748 397 мың теңге; қарыздарды өтеу бойынша - 3 467 723 мың теңге; бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары бойынша - 0 мың теңге. 2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2021 жылға арналған резерві 1 074 434 мың теңге сомасында бекітілсін. 3. 4-ші қосымшаға сәйкес 2021 жылға арналған қала бюджетінің түсімдері мен шығындарының құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер көзделгені ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|