Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша мәліметтер» нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 95 бұйрыққа қосымша
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|