«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында: 5-тармақ алынып тасталсын; 6, 7 және 8 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары: 1) ұлттық зерттеу университеті; 2) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы; 3) зерттеу университеті; 4) университет; 5) академия; 6) институт; 7) консерватория. 7. Мамандандырылған білім беру ұйымдары: 1) мамандандырылған мектеп; 2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп - лицей); 3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия); 4) мамандандырылған мектеп - интернат; 5) мамандандырылған мектеп - лицей - интернат; 6) мамандандырылған мектеп - гимназия - интернат; 7) мамандандырылған музыка мектеп - интернаты; 8) мамандандырылған спорт мектеп - интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп - интернат - колледж); 9) мамандандырылған хореография мектеп - интернаты (мамандандырылған хореография мектеп - интернат - училищесі); 10) мамандандырылған әскери мектеп - интернат; 11) «Білім-инновация» лицей - интернаты; 12) мамандандырылған мектеп - кешендер; 13) мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі; 14) мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|