|
|
|
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ 2017 жылғы 20 қазандағы Съезінде қабылданған
ЗАҢГЕРДІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ
Кодекс заңгердің басшылыққа алуға тиісті кәсіби корпоративтік әдеп және негізгі жүріс-тұрыс ережелерінің жалпы қағидаттарының жинағын білдіреді. Кодекс заңгердің абырой-беделі мен корпоративтік әдебін нығайтуға және азаматтардың кәсіби заңгерлерге қатысты сенімін арттыруға ықпал етуге арналған. Кодекс көпшілік мақұлдаған адамгершілік қағидаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделген және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ Жарғысына сәйкес әзірленген.
1. Заң қызметін жүзеге асырудың негізгі міндеттері мен қағидаттары
Осы кодекстің міндеттері: заңгерлер қоғамдастығын дамытуға бағытталған негізгі жүріс-тұрыс ережелері мен корпоративтік әдепті қалыптастыру және оны әрбір заңгердің ұстануы болып табылады. Заңгер заң қызметін жүзеге асыру кезінде төменде баяндалған негізгі қағидаттарды ұстануы тиіс. 1.2. Қағидалары Заңгердің кәсіби қызметінің негізгі қағидаттары: заңдылық; құқық үстемділігі; әдептілік; адамның жеке басын құрметтеу; құпиялылық; тәуелсіздік. Заңгердің заң қызметін жүзеге асыру нәтижелері мен тәсілдері, сонымен бірге құқықтық қорытындылары, пікірлері, ауызша және жазбаша кеңестері Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келуі тиіс. Заңгер Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келетін, сондай-ақ Кодекстің талаптарын бұзуға себеп болатын үшінші тұлғалардың талап-тілектерін, өтініштерін және нұсқауларын орындай алмайды. Заңгер өзінің кәсіби борышын атқару кезінде тәуелсіздікті сақтауы тиіс. 1.3. Адал ниетті қарым-қатынас және бейтараптылық Заңгер өзінің міндеттерін атқару кезінде еркін, адал түрде, ақ ниетпен әрекет етуге, белгіленген ережелерді, стандарттарды және әдеп нормаларын басшылыққа алуға міндетті. Заңгер заң қызметін тиісті ықыласпен, құзыреттілікпен, біліктілікпен, адал ниетпен және күш-жігермен жүзеге асыруға, тәртіпті болуға, асығыстыққа салынбай және құжаттар мен мәліметті шала-шарпы зерделемеуі тиіс. Заңгерлердің арасындағы жеке қарым-қатынас заң қызметін жүзеге асырудың нәтижесіне әсер етпеуі тиіс. Заңгер заң қызметін жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын жеке қарым-қатынасқа бола, сондай-ақ қандай да бір өзге қарым-қатынасқа бола бұзбауы тиіс. 1.4. Мүдделер қақтығысы туралы ережелерді ұстану Кәсіби заң қызметін көрсететін заңгер мүдделер қақтығысы туралы ережелерді ұстануы тиіс. Заңгер бір іс бойынша мүдделері бір-біріне қарама-қайшы келетін бірнеше тұлғалардың кеңесшісі, қорғаушысы немесе өкілі болуға кұқылы емес. Заңгер адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын бұзумен байланысты әрекеттерге жол бермеуі тиіс. 1.5. Құпиялылық туралы ережелерді ұстану Кәсіби заң қызметін көрсететін заңгер заң қызметін корсету үшін өзіне ұсынылған ақпаратқа, құжаттарға және мәліметке қатысты құпиялылық туралы ережелерді ұстануы тиіс. Заңгер құпиялы ақпаратты, құжаттарды және мәліметті үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей белгіленген жағдайларда немесе осындай ақпаратты, мәліметті және құжаттарды берген тұлғаның тікелей келісімімен бере алады. Заңгерге заң қызметін корсету үшін берілген кұпиялы акдарат заңгердің немесе үшінші тұлғалардың жеке мақсаттарына сай қолданылмауы тиіс. 1.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңгер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауы және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының ережелерін қатаң ұстануға тиіс. Заңгерге мемлекеттік органдардың өкілдері немесе өзге лауазымды тұлғалар қысым көрсеткен жағдайда, заңгер осындай жағдайлар туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органға хабарлауы тиіс. 1.7. Тиісті жүріс-тұрыс Заңгер кәсіби заңгер қоғамдастығының ар-намысын және абырой-беделін қолдауы тиіс. Заңгер кәсіби заңгерлер қоғамдастығының беделін түсіретін кез келген жүріс-тұрыстан аулақ болуы тиіс. Заңгер кәсібі бойынша әріптестеріне өте сыпайы қарауы, мораль қағидаттарын, адалдықтың, әдептіліктің және әділеттіліктің жоғары стандарттарын ұстануы тиіс. Заңгер басқа заңгердің ар-намысын немесе іскерлік беделін түсіретін сөздерді айтпауы тиіс. Заңгер мемлекеттің заңнамасында және халықаралық құқықта танылған адамның құқықтық міндеттемелерін, құқықтары мен бостандықтарын білуді және түсінуді ғана емес, әдеп міндеттемелерін ұстануды да қамтамасыз етуі тиіс. Заң мамандығына сенімді кетірген лайықсыз жүріс-тұрыстың артынан, заңгерлер қоғамдастығы тарапынан санкция салынуы тиіс.
2. БАСҚА ЕРЕЖЕЛЕР
Осы кодекс Қазақстан Республикасының заңгерлер қоғамдастығының съезінде қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Заңгер күрделі әдептік жағдайда түсінік алу үшін «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-не жүгінуге құқылы. Кодекстің ережелері жан-жақты болмағандықтан, Одақтың Жарғысында және Одақтың Орталық кеңесінің шешімдерінде көзделген нормаларымен толықтырылуы мүмкін.
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |