Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілген
1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб порталы: www.egov.kz (бұдан әрі портал) арқылы жүгінгенде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) тікелей немесе телефон арқылы жүгінген жағдайда-көрсетілетін қызмет берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазу (бұдан әрі - журнал) және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап береді; 2) порталға электрондық форматта жүгінген жағдайда- өтініш көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|