Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Осы редакция 2022 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын. 2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын: 1) «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 (2016 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 болып тіркелді); 2) «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 6 маусымдағы № 161 (2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4769 болып тіркелді). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|