Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 32-бабының 4-тармағына және «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 578 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 518 бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы департаменті осы бұйрық күшіне енген күнінен кейін күнтізбелік үш күн ішінде бюджеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі __________________________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 603 бұйрығына қосымша
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА 226 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы 2020-2022 жылдарға арналған
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|