Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 6 маусымның № 454 бұйрығы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 2) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1-тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына (М.Ш. Қожаев) жүктелсін. 4. Осы бұйрық мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Казақстан Республикасының Қаржы вице - министрі
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|