ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кейбір мәселелері туралы (2025.01.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Архив) ретінде қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. ҚР Президентінің 2024.26.09. № 660 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Архивтің штат саны 168 бірлік мөлшерінде белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Архивке қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 6. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: «2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда: С санаттарының тобындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві,» деген сөздер алып тасталсын. 7. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын. 8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 9 ақпан
№ 808
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|