|
|
|
Атырау қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 19 Қаулысымен күші жойылды
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 қаулысына және «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.«Атырау қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1) 4 тармағының 5) тармақшасына өзгеріс енгізілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын: «5) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан алып тастасын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы қаулы 2021 жылғы 2 тамызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |