|
|
|
18.11.2024 Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау
ҚР АПК- нің 241- бабына сәйкес, шешім дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауға жіберіледі. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылып беріледі. Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұқсан өндіріліп алынған, алименттер өндіріліп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазылып беріледі және орындауға жіберіледі. Атқару парағын (бұдан әрі - атқару құжаты) бірінші сатыдағы сот шешім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазып береді. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін. Атқару құжатында: шешім шығарған соттың атауы, істің нөмірі және шешім шығарылған күн, шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз), шешімнің заңды күшіне енген күні, атқару құжаты берілген күн, өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жері, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендіру нөмірi, борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), банктік деректемелер мен жеке сәйкестендіру нөмірі (егер істің материалдарында бар болса) немесе егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жері, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілуге тиіс. Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті әділет органы бекітеді. Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару құжаты беріледі. Атқару құжаты өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындау үшін жібереді.
Қарағанды облысының МАЭС бас маман- сот отырысының хатшысы А.М. Булумбаева
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |