«Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 310 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 (2016 жылғы 04 шілде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 болып тіркелді) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - бюджеттік бағдарламаны жоспарлау, негіздеу, іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапты «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» (бұдан әрі - Басқарма)»; 5-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|