Осы редакция 2019 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.11.01. № 12 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығына 1-қосымша
«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.11.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 10 (он) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін барынша ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін барынша ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|