|
|
|
12.05.2022 Мемлекеттік тіл - менің тілім Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Абзал Өміртайұлы Балабеков
Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзің басқа тілдің сөзімен шұбарламау-деп Ахмет Байтұрсынұлы меңзеген еді. Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ болуы үшін күресе білейік те намысты қолдан бермейік. Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлтпен-ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеныне үңіліп, бүгінгісін бажалап, болашагын бағдарлауға жол ашты. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»-деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты.Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бенбіздің қолымызда. Әр ата-ана ананың ақ сүтінен дарыған тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің ешкандай қиындығы жоқ. Ана тілін білмеген ақала жоқ желік бас. Ана тілін-сүймеген халқын сүйіп жарытпас деген сөзде де терең мағына жатыр емес пе. Бірақ қазақ тілі-тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екен ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты депесептейтін азаматтарының тілі. Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |