Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 228 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016.22.02. № 54 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №152 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.22.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Жамбыл облысы аудандардың және Тараз қаласы әкімінің аппараттарымен (бұдан әрі - қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374 тіркелген) (әрі қарай - Стандарт) сәйкес көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: 1) қызмет берушінің, ауыл (кент), ауылдық (кенттік) округ, аудандық маңызы бар қала әкімдерінің аппараттарының кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз жеткізгіште азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып Стандарттың 1 немесе 2 қосымшасына сәйкес өтініші негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|