«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде: 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі – ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|