|
|
|
26.05.2024 Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат
Гендерлік саясат саласындағы негізгі заңнамалық акт болып 2009 жылы қабылданған «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы табылады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан гендерлік саясатты іске асыруда белгілі бір прогреске қол жеткізді. Ең алдымен, бұл әйелдер әлеуетін мақсатты дамытуда, еңбек қызметінде, бизнесте, саясатта және мемлекеттік басқаруда ерлер мен әйелдердің тең көрінуіне жағдай жасауда, әйелдердің сапалы білім мен денсаулық сақтауға тең қол жеткізуін қалыптастыруда, сондай-ақ аналықты жан-жақты қорғауда өз көрінісін тапты. Бүгінгі таңда Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың тұтас институционалдық жүйесі қалыптасты, елеулі құқықтық база құрылды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әйелдердің жағдайы мен құқықтарына қатысты бірқатар іргелі халықаралық шарттарға қосылып, ратификациялады. Гендерлік проблемаларды шешу мәселелері бойынша Қазақстан бірқатар халықаралық ұйымдармен: ЮНИФЕМ, ЕҚЫҰ, Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХҚҰ), ЮСАИД-пен, Британдық Кеңеспен және БҰҰДБ-мен ынтымақтасады. Қазіргі уақытта Қазақстанда барлық деңгейдегі бюджеттерді және әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу процесіне гендерлік тәсілді енгізу үшін жағдайлар жасалуда. ЮНИФЕМ отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп «Қазақстандағы әлеуметтік (гендерлік) бюджеттер» жобасын іске асыруда. Денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында қойылған міндеттер серпінді шешілуде. Біздің еліміз гендерлік саясатты іске асыру бағытында нақты қадамдар жасады, өйткені гендерлік саясат ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты іске асыру: жынысына қарамастан барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарды пайдаланудың теңдігін қамтамасыз ету; мемлекеттік және қоғамдық өмірде кемсітушілікке, гендерлік ассиметрияға жол бермеу; гендерлік өзіндік сананы қалыптастыру және қоғамдағы гендерлік стереотиптерді жою қағидаттарында жүзеге асырылатын болады. Тарихи тұрғыдан алғанда, қазақ халқы әйелге құрметпен қарады. Ел Президентінің әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруға, әсіресе жергілікті деңгейде өңірлерде белсенді тарту туралы нұсқауларын ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық ерекшеліктер мен халықаралық тәжірибені есепке алуға негізделген гендерлік саясаттың өзіндік моделі қалыптасты. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы, әйелдердің Республикалық кеңесі, әйелдердің даму және бейімделу қауымдастығы және өз кәсіпорындарын құруға ұмтылатын әйелдерге көмек көрсететін басқа да үкіметтік емес ұйымдардың саны артып келеді. Олар консультациялар, тренингтер өткізеді, несие беру мәселелеріне көмектеседі. Осылайша, бизнес-мәдениеттің жалпы деңгейін көтеру және кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы А.М. Садвакасова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |