Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы (2025.25.04. берілген өзгерістермен)
Шымкент қаласы мәслихатының 2023.27.12. № 13/109-VIII шешiмiмен (2024 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.03. № 25/227-VIII шешiмiмен (2025 ж. 25 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын. 2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына жіберуді; 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|