Салық салу объектісінің Бурабай ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № а-12/467 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Салық салу объектісінің Бурабай ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары У.М. Ғабдуллинге жүктелсін. 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № а-11/545 қаулысына қосымша
Салық салу объектісінің Бурабай ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|