«Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16009 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарауы бойынша есеп» № 2 нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Апелляциялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7 нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7-К нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кассациялық сатыда сот актілерін қайта қарау бойынша есеп» № 8-К нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы нұсқаулықта: 63, 64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «63. № 2 нысанды есептің Б кестесінде мемлекеттік баж туралы мәліметтер көрсетіледі. Мемлекеттік баж сомасы есептік кезеңде тек заңды күшіне енген сот шешімі бойынша ұлттық валютада (мың теңгемен) есепке алынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|