Осы редакция 2017 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № А-11/501 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Ветеринариялық паспорттан үзінді алу қажеттілігі жағдайында өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринарлық паспорт бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру әдісінің бірімен жануарларға жеке нөмір, телнұсқасын, ветеринариялық паспорттан үзінді беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық немесе қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|