«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) және 7-5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарда: 28, 29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «28. Концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізудің мақсаты концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде талдау және концессиялық жобаның іске асырылу тиімділігін қамтамасыз ету мен тәуекелдерді басқару бойынша Комиссияға және өзге де мүдделі адамдарға ұсынымдар әзірлеу және шарттың тараптары үшін ұсынымдар әзірлеумен тараптардың тәуекелдерін бағалау болып табылады. 29. Концессия шарттары жобаларын сараптаудың қорытындысы мыналарды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|