«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1624)) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Салықтық және кедендік әкімшілендрудің кейбір мәселелері туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бекітілсін: 1) мемлекеттік кірістер органдарымен есептелген салықтардың сомасы туралы хабарлама, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; 2) тексеру нәтижелері туралы хабарлама, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; 3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары туралы хабарлама, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; 4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы хабарлама, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; 5) салық берешегін өтеу туралы хабарлама, осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; 6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама, осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|