«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын және 120-3 бабының 1-тармағының екінші бөлігін және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидаларында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) оларды пайдаланушыларға ұсыну мақсатында республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібін және көлемін, мерзімділігін, мерзімдерін белгілейді. 2. Республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жартыжылдық, жылдық есептіліктерін осы Қағидаларда белгіленген көлемде жасайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Әкімшілік деректердің нысандарына титулдық парақтың атаулы бөлігі мынадай тәртіпте толтырылады: нысан бекітілген бұйрықтың, күні мен нөмірі; нысан атауы; есептік кезең; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|