«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 25-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығының 79-тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін. 2. Байғанин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 146 «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі жойылсын. 3. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 187 шешімімен бекітілген
«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Байғанин аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. 3. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|