«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16425 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 наурызда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық тексерулер жүргізу туралы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті тоқтату туралы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен қайтаруға; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық резиденттігін растауды алуға; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тіркеу есебіне қою туралы; 9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен шығару туралы; 10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебі туралы; 11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|