Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/199 Қаулысымен күші жойылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін. 3. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қарашадағы № А-11/505 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6852 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған); 2) «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қарашадағы № А-11/505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/571 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6971 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған). 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|