|
Тараз қаласында «Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің филиалын құру туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Тараз қаласында «Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» (Ресей Федерациясы) жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің (бұдан әрі - Филиал) филиалы құрылсын. 2. Филиал қызметінің негізгі міндеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысу болып айқындалсын. 3. Филиал білім беру қызметін «Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің (РХТУ) білім беру бағдарламалары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «6В071- Инженерия және инженерлік іс», «6В053 - Физика және химия ғылымдары» «6В11201 - Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігі», «В094 - Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп әзірленген қос дипломды бакалавриаттың білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады. 4. Филиалдың білім беру қызметін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 5. Филиал шетелдік профессор-оқытушылар құрамын тарта отырып, білім беру процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады, олардың үлесі Филиалдың профессор-оқытушылар құрамының жалпы санының кемінде 30 %-ын құрайды. Филиал «Қазақ тілі» және «Қазақстан тарихы» пәндерін міндетті түрде енгізе отырып, пәндер тізбесін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|