Осы редакция 2019 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығына 5-қосымша
«Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттiк қызметтi Министрлігі (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 20 (жиырма) күнтізбелік күннен кешіктірілмей; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - шетелдік кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзуге байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсатты беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді нысаны: электрондық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|