Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 509 бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (60-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) ойыншық өндірісі жұмыстарын қамтиды. 2. БТБА Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген. 3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмыстарды тарификациялаған және жұмысшылардың біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Ойыншық өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Бөлшектер мен ойыншықтарды кептіруші, 2-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы: түрлі материалдардан жасалған бөлшектер мен ойыншықтарды бу, электр және калорифер кептіру камераларында кептіру; кептіру камераларын жұмысқа дайындау; кептірудің температуралық режимдерін орнату және реттеу; бұйымдарды кептіру шкафтарына орналастыру; жұмыс режимін қадағалау; кептіргеннен кейін ойыншық бөлшектерінің сапасын айқындау; кептіру камераларының жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою; кептіру камераларына салу және түсіру; кептіру сапасын кезеңімен тексеру. жасалатын ойыншықтың түрлері, бөлшектерді, ойыншықтарды кептірудің технологиялық процесі, конструкциялар; кептіру жабдықтарының жұмыс істеу принципі және пайдалану қағидалары; шикізат және материалдардың техникалық сипаттамалары; өлшеу аспаптарын пайдалану қағидалары; кептірілген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар; өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары.
Параграф 2. Бөлшектер мен ойыншықтарды формалаушы, 2-разряд
6. Жұмыс сипаттамасы: түрлі жабдықта целлулоидты массаны формалау; целлулоидты массаны белгілі мөлшердегі брусоктарға кесу және құрғақ қабатын механикалық пышақпен алып тастау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|