Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 70-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 71-қосымша
«Тіркелген шегерім пайдаланыла отырып, арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (2022.18.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Тіркелген шегерім пайдаланыла отырып, арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және тіркелген шегерім пайдаланыла отырып арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер үшін салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны резидент заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер жасайды. ҚР Қаржы министрінің 2020.20.12. № 1214 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Осы Қағида 2020 жылғы салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады. 2. Декларация декларацияның өзінен (912.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (912.01-ден 912.02-ге дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде толтырылады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|