|
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген
Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Бәсекеге қабілеттілік» инвестициялық гранттарын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Бәсекеге қабілеттілік» инвестициялық гранттарын беру қағидалары (бұдан әрі - Инвестициялық грант беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жабдық сатып алуға инвестициялық грант беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Инвестициялық грант беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бизнес-жоба - кәсіпкердің өз бизнесін (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) құру мүмкіндігін ашатын, сипаттама, есеп-қисап, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімдері және берілетін инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатымен (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландыруы және жаңа жұмыс орындарын құру қамтылған жоспары; 2) бизнес-идея - тауар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (конкурстан өту кезінде нақты елді мекенде немесе ауылдық округте іске асырылмайтын, тауар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады) (жаңа және (немесе) жетілдірілген немесе басқа кәсіпорындардың практикасында іске асырылып қойған және технологиялық алмасу (патентсіз лицензиялар, ноу-хау, консультациялар) арқылы таратылатын тауарларды (өнімдерді)/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды әзірлеу және (немесе) нарыққа енгізу жаңа бизнес-идеяны іске асырудың нәтижесі болып табылады); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|