Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы КЕЛІСІМ (Чолпон-Ата қ., 2019 жылғы 9 тамызда)
ҚР 2022 жылғы 29 наурыздағы № 112-VII Заңымен ратификацияланды
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабын негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып, Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) қатысушылары болып табылатын 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясында (бұдан әрі - Базель конвенциясы) көзделген халықаралық міндеттемелерді орындау қағидаттарын ұстанатындықтарын растай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.2 және 2.3-бөлімдерінде көрсетілген қауіпті қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде Одақтың кедендік аумағы арқылы трансшекаралық өткізуге байланысты қатынастарды реттейді.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: «мемлекеттік органдар» - қалдықтарды трансшекаралық өткізу кезінде осы Келісімде және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің органдары; «қорытынды (рұқсат беру құжаты)»- қалдықтарды трансшекаралық өткізу құқығын растайтын құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|