|
|
|
Параллел сызықтарының киылысуы немесе жалған кәсіпкерлік туралы заңнама нормаларының коллизиясы
«Suleiman & Partners» заң фирмасының әріптестері Жәнібек Башанов және Әнуарбек Сқақов
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтың бір бөлігі болып табылады, бірақта олар нормативтік құқықтық актілер иерархиясынан тыс орналысады, өйткені олар тек қана сот тәжірибесі сұрақтарына түсінік береді де. Бұл дегеніміз, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының заңдарына және кодекстеріне қайшы болмауы тиіс, деген сөз. Осылайша, Қазақстан Республикасының заңнаманы құрайтын әртүрлі деңгейде орналасқан нормативтік құқықтық актілер (заңдар, кодекстер, бұйрықтар, қаулылар және т.б.), «параллел сызықтарының» жиынтығын құрайды, ал олар, әркімге белгілі, қиылыспауы тиіс. Бұл сәтте, параллел сызықтары қиылыспайтындай, әртүрлі деңгейде орналасқан нормативтік құқықтық актілер бір біріне қайшы келмеуі керек. Бірақ өмірде бұл қағида кей кезде сақталмайтыны рас. Осылайша, Жоғарғы Соттың «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде» 2009 жылғы 12 қаңтарында қабылданған № 1 Нормативтік қаулысының 21-тармағында келесі жазылған: «Қылмыстық ізге түсу органының ҚК-нің 215-бабы бойынша қылмыстық істі ақтамайтын негіздермен қысқарту туралы қаулылары тұлғаның жалған кәсіпкерлікпен айналысқанын анықтайды». Бірақта, Салық кодексінің 12-бабының 1-тармағындағы 16) тармақшасы мүлдем басқаны орнатып отыр: «жалған кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік субъектісі». Бұл туралы Салық кодексінің 46-бабының 4-тармағы қайталайды: салықтың есептелген сомасын есепке жазуды немесе қайта қарауды соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн ғана жүргiзiледі. Осы сәтте, Қылмыстық-процестік кодексiнің 398-бабына сәйкес сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы шешiм айыптау үкiмiнiң қарар бөлiгiнде көрсетiлуге тиiс. Сондықтан, қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес, қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тұлғаны танылуы тек айыптау үкімі арқылы жүзеге асырылады. Осылай, ешқандай басқа актілермен, сот қаулысымен, қылмыстық қуғындау органдарының қаулыларымен қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы кiнәсі анықталынбайды. Қылмыстық істің тергеу кезіндегі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылуы, тұлғаның қылмыстық жаупкершіліктен босатылатына негіз болып табылады, сондықтан бұл тұлға бойынша қылмысты қудалау тоқтатылады, бірақ осы жағдайда да егер айыпталушы (күдікті) қылмысты жасалғанын мойындаса да, оның кінәлілігі туралы сұрақ ашық болып тұрады, өйткені іс сотпен қаралған жоқ. Осылайша, бірден үш параллелді сызықтар қиылысады - Салық кодексі, Қылмыстық-процестік кодексі және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулы нормаларының коллизиясы айқын көрініп тұр. Осы коллизиясының түпкірінен, адал кәсіпкерлер абайсызда жалған кәсіпорынмен келісім шарт жасаса (бірақта оның кінәсі сот үкімімен анықталмаса да), көпмиллиондық айыппұлды төлеуге мәжбүр, осымен бірге салық төлеуден бас тартқаны үшін қылмыстық жаупкершілікке тартылуы мүмкін. Атап өту қажет, 2017 жылдың 3-ші ақпанында өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізсіз жауапқа тартылатын жалған кәсіпорындардың адал контрагенттеріне мүлдем басқа тәсілдерді табуды Үкіметке тапсырыс берді. Сондай-ақ, негізсіз қылмыстық істерді ашатын құқық қорғау органдардың қызметкерлерін орнынан босатылуы керек деген оймен бөлісті. Осылайша, мемлекет Басшысы бизнеске негізсіз қысымды жоюға шақырады. Президент тапсырмаларын орындау үшін және адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында жоғарыда көрсетілген заңдық коллизияны жою керек, ол үшін Жоғарғы Соттың «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде» 2009 жылғы 12 қаңтарында қабылданған № 1 Нормативтік қаулысының 21-тармағын шығарып тасталуы керек, өйткені осы тармақтың мазмұны салық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына қарама-қайшы болып келеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |