Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісім (Мәскеу., 2020 жылғы 3 ақпанда)
ҚР 2021 жылғы 13 мамырдағы № 40-VII Заңымен ратификацияланды 2022 жылғы 11 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) ережелерін негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ) шеңберінде қауіпсіз өнім өндіруді және оның айналысын қамтамасыз ету қажеттігіне сүйене отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісімде осы баптың 2-тармағында көрсетілген өнімдерді қоспағанда, өзіне қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - бірыңғай тізбе) енгізілмеген өнімнің, сондай-ақ бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты Одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімнің Одақ шеңберіндегі айналысының тәртібін және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары айқындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|