Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 385 бұйрығымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Ұлттық ұланы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Ұлттық ұланы, 2013 жылғы 14 маусымда Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты басшылыққа ала отырып, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, маңызды мемлекеттік объектілерді күзету, кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән бере отырып, төмендегі туралы келісті:
Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес, өз құзыреті шегінде әрекет етіп, өз мемлекетерінің заңнамасын және халықаралық міндеттерін сақтай отырып ынтымақтасады.
2-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастық жүргізеді: қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; терроризмге қарсы операциялар өткізу; кадрлардың біліктілігін арттыру; маңызды мемлекеттік объектілерді күзету.
3-бап
1. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар келесі нысандарда ынтымақтастық жасайды: құзыреті шегінде тәжірибе мен ақпарат алмасу; Тараптар қызметтерінің өзара келісілген тақырыптары бойынша консультациялар, сабақтар, семинарлар, конференциялар мен оқу-әдістемелік жиындар өткізу; Тараптардың бірі өткізетін командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға бақылаушы ретінде қатысу; Тараптар қызметтері мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен, ғылыми-техникалық әдебиетпен және ақпаратпен алмасу; ғылыми-зерттеу қызметінде тәжірибе алмасу; Тараптар өткізетін спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|