|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 115-ө өкімін қараңыз
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: «Республика» деген сөз «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстырылсын; «депутаттарының» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 3-баптың 1-тармағы «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 4-бапта: 2-тармақ «депутаты» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 2) тармақшасы «депутаттығына» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сайлаушылар Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.»; 5) 6-бап «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 8-бап «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.»; 8) 12-бапта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) Президентті және Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтінін, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін, сайлаушылар (таңдаушылар) тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға, Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдір материалдан жасалған жәшіктердің нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді; Президентті және Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді;»; 15) тармақша «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 16-6) тармақша «депутаттарының» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 13-бапта: 2-тармақтың 1) тармақшасы «депутаттарының» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»; 10) 14-бапта: 2) тармақша «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 7) тармақша «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды, шығып қалғандардың орнына аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды тағайындайды және өткізуді ұйымдастырады; аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жариялайды;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі сайлау учаскелері бойынша дауыс беру нәтижелерін белгілейді, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркейді және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы хабарды жариялайды; сайлау қорытындыларын шығару және Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшін жоғары тұрған сайлау комиссиясына тиісті сайлау округтері мен учаскелері бойынша дауыстарды санау хаттамаларын ұсынады;»; 10) тармақша «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 17-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он бес күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»; 12) 18-баптың 1) тармақшасы «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 13) 20-баптың 12-тармағының бірінші бөлігінде: 1) тармақша «депутаттары» деген сөзден кейін «, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша «депутаттығына» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын; 14) 21-бапта: 1-тармақ «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 15) 24-баптың 1-тармағы «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 28-баптың 3-тармағында: мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар телевизиядағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.»; бесінші бөліктің үшінші сөйлемі «мәслихаттар депутаттарын» деген сөздерден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін» деген сөздермен толықтырылсын; 17) 29-баптың бірінші бөлігі «депутаттығына» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын; 18) 33-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашылатын шоттары арқылы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Осы мақсаттарға арналған бюджет қаражатына билік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.»; «2-1. Жергілікті бюджет қаражатынан: 1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне, үй-жайларды жалға алуға, іссапар шығыстарына, консультанттардың, сарапшылардың, электрондық сайлау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін мамандардың еңбегіне ақы төлеуге; 2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттардың осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуіне; 3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес өткізілетін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға; 4) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшердегі көліктік шығыстарына; 5) сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттарға бөлінетін, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген шығыстардың мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.»; 19) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне жеребемен айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргізеді. Жеребе тартуды жүргізудің тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.»; 20) 38-баптың 1-тармағы «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 21) 39-баптың 1-тармағы «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 22) 40-баптың 1-тармағы «мәслихаттардың депутаттарын» деген сөздерден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 23) 42-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі, 3-тармағындағы «кез келген белгі» деген сөздер «не «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 43-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлік «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте бюллетеньдер әрбір кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия бойынша жеке-жеке қатталып, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер үшін және жарамсыз бюллетеньдер үшін жеке-жеке қатталып жиналады.»; 3-тармақтың бірінші сөйлемі «партия» деген сөзден кейін «, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер» деген сөздермен толықтырылсын; 4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер санын;»; 25) 44-бапта: 2-тармақ «депутаттарын» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»; 5-тармақта: бірінші бөлікте: «кандидаттар үшін берілген дауыстар саны;» деген сөздерден кейін ««Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны;» деген сөздермен толықтырылсын; «мәслихаттардың депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, олардың тегі, аты, әкесінің аты,» деген сөздер «мәслихаттардың депутаттары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, олардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса),» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «берілген дауыс саны;» деген сөздерден кейін ««Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны;» деген сөздермен толықтырылсын; «мәслихаттар депутаттығына сайланған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, атқаратын қызметі (жұмысы), тұрғылықты жері,» деген сөздер «сайланған мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмысы), тұрғылықты жері,» деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын: «45-бап. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу Тиісті сайлау комиссиялары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен, сайланған Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін тіркеуді олардан жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттің, Парламент, мәслихат депутатының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін жүргізеді.»; 27) 46-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «46-бап. Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлігі мен төсбелгісі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және өзге де жергілікті өзі-өзі басқару органы мүшесінің куәлігі»; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне - олардың әрқайсысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігін береді.»; 28) 47-баптың 1 және 2-тармақтары «депутаттығына» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын; 29) 88-бапта: 2-тармақтағы «жеті және одан да көп процентін» деген сөздер «бес және одан да көп пайызын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: бірінші бөліктегі «бестен жетіге дейінгі процентін» деген сөздер «үштен беске дейінгі пайызын» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «үштен беске дейінгі процентін» деген сөздер «бірден үшке дейінгі пайызын» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «жеті процентін» деген сөздер «бес пайызын» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) 97-1-бапта: 1-тармақтағы «жеті және одан да көп процентін», «Жеті проценттік» деген сөздер тиісінше «бес және одан да көп пайызын», «Бес пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жеті процентін» деген сөздер «бес пайызын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: екінші бөліктегі «Жеті проценттік» деген сөздер «Бес пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «Жеті проценттік» деген сөздер «Бес пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың екінші бөлігіндегі «жеті проценттік» деген сөздер «бес пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын; 31) 104-баптың 1-тармағында: үшінші бөліктегі «жеті» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «бестен жетіге» деген сөздер «үштен беске» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөліктегі «үштен беске» деген сөздер «бірден үшке» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөліктегі «жеті» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 32) 111-1-бапта: 1-тармақтағы «жеті», «Жеті пайыздық» деген сөздер тиісінше «бес», «Бес пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жеті» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақта: екінші бөліктегі «Жеті пайыздық» деген сөздер «Бес пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «Жеті пайыздық» деген сөздер «Бес пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың екінші бөлігіндегі «жеті пайыздық» деген сөздер «бес пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын; 33) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын: «13-1-тарау. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау 113-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тағайындау 1. Мыналар: 1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы; 2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе заңда белгіленген жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қайта ұйымдастырылуы сайлауды тағайындауға негіз болып табылады. 2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және осы Конституциялық заңның 113-3-бабының 6-тармағында және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттік мерзімі өткенге дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс. 3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және олар тағайындалған күннен бастап отыз күн ішінде өткізіледі. 4. Сайлау күні туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 113-2-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының азаматы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат тізбесін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп белгілейтін қажетті құжаттарды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынады. 113-3-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну 1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері қатарынан, азаматтар - өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні екеуден аз кандидат ұсынылған болса, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі жүргізеді. Саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидат ұсынуға құқылы. 2. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну туралы шешімі хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. 3. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі: 1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі; 2) кандидаттың дауысқа түсуге келісуі туралы өтінішімен бірге тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмемен бір мезгілде жіберіледі. 4. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсынылмайды. 5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. 6. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат ұсынылса, онда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады. Бұл ретте аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы. 113-4-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатты қолдап қол жинау 1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысымен қолдау табуға тиіс. 2. Сайлаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. 3. Кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей тиісінше аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен ресімделеді. 4. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және онда кандидат пен қол жинайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын сайлаушылар туралы мынадай мәліметтер: 1) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 2) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы; 3) туған күні, айы және жылы; 4) тұрғылықты жерінің мекенжайы; 5) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиіс. 5. Қол жинайтын адам қол жинау кезінде тиісті қол қою парағында жеке қолы тұратын кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс. 6. Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді. 7. Толтырылған қол қою парақтары тиісінше аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына тапсырылады, ол үш күндік мерзімде паспорт қызметтерінің жұмыскерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың анықтығын тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттаманы ресімдейді. 8. Қойылған қолдардың анықтығын тексеру осы баптың 1-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатқа қажетті мөлшерде қолдардың анықтығы белгіленгенге дейін жүргізіледі. 113-5-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу 1. Кандидаттарды тіркеуді аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жүзеге асырады. 2. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Кандидатты ұсынған саяси партия ұсынылған әрбір кандидат үшін өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |